Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда бірнеше көшеде жүруге шектеу қойылады

Алматыда жылу жүйелерін қайта құру кезінде бірнеше көше бойымен автокөліктердің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында — Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.

31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында — Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.

1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында — Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.
«Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.»
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған