Алматыда жұмысқа жаңадан тұрған медициналық қызметкері науқастың 2 миллион теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Тергеушілердің айтуынша, 32 жастағы күдіктіге жұмысқа орналаса салысымен бірден науқасқа қарау тапсырылған. Ол науқастың телефонында құпия сөз жоқ екенін байқап, осы сәтті пайдаланып, банктік қосымшасын пайдаланып, шотындағы 2 миллион теңгесін өзіне аударып алған.
Күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. Жауап алу кезінде ер адам арнайы мекеме арқылы жұмысқа орналасқанын айтқан. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.