Понедельник, 25 ноября, 2024

Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда желтоқсан айы бойы әрбір сенбі және жексенбі күндері Алматы облысының жақын маңдағы аудандары (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) тауар өндірушілерінің, сонымен қатар, Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Алматыдағы жәрмеңкелердің мекенжайы:

1. Алмалы ауданы (Гоголь көшесі, Масанчи көшесінің қиылысы);

2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ықшамауданы);

3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы);

4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесінің қиылысы және Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің қиылысы);

5. Түрксіб ауданы («Жұлдыз» ықшамауданы).

Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған