Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда домбырашылардың «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті

Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында Түрксіб ауданында Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында домбырашылардың «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мерекелік алаңда мектердің, гимназиялардың, шығармашылық үйлердің 600 оқушысы, 70 педагог және 20 ата-ана орындаған домбыра үні күмбірледі.

Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік жасады. Домбырашылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.

Домбыра-challenge мақсаты-жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ойындарды ұлттық аспапта насихаттау.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған