Вторник, 26 ноября, 2024

Алматыда екі бағыттың автобусы жаңартылды

Алматыда екі танымал бағытқа жаңа автобустар жүретін болды, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Бұған дейін қала тұрғындары № 202 және № 205 бағыттағы автобустардың үстінен бірнеше рет шағымданған болатын. Қалалық ұтқырлық бөлімі бұл бағыттар бойынша желтоқсанның 2-інен бастап жаңа Foton маркалы автобустар шығарылатынын хабарлады.

Сыйымдылығы 85 адамнан асатын 12 метрлік жаңа автобустар газбен жүреді, кондиционермен жабдықталған. Бұған дейін бұл бағыттағы автобустың сыйымдылығы 70 адам болатын.

№ 202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус жүрді. Осыған байланысты 20 жаңа автобусты іске қосу туралы шешім қабылданды. Жаңартудан кейін автобустар арасындағы аралық 14-15 минутты құрайды. «Сайран» — Қаскелең автовокзалы бағыты бойынша жолаушылар ағыны айына 160 мыңнан 400 мың жолаушыға дейін ұлғайтылады деп күтіліп отыр.

№ 205 маршрутқа 18 автобус қызмет көрсетті. Енді «Жетісу» Орбита базар бағыты бойынша 25 жаңа автобус қызмет көрсетеді және қозғалыс аралығы 7-9 минут. Жылжымалы құрамның жаңартылуымен маршрут айына 500 мың жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтіліп отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған