Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда екі жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені қолды еткен

Алматы облысының полицейлері банкоматты ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Полиция дерегінше, 14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының ПБ 1988 ж.т. А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.

ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Азаматтар УҰИ-ға қамаққа алынды.

Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған