Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда екі жүргізуші арасындағы жанжал атыспен аяқталды

Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Наурызбай ауданында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен атқан. Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген «ИЖ» газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған