47 жастағы ер адам танысымен жанжалдасып, оны қызғаныштан пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады ARDA-AKPARAT.
Бірнеше сағаттан кейін күдіктіні Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.
«Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», — деп хабарлады қалалық департаментте.