Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда ер адам төрт қабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері өз өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болды.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған, сол себепті ол алдымен өзін пышақпен кеспек болған. Дегенмен, қаннан қорыққан ол, қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырға шығып, секірмек болған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды, ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған