Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды

Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды, – деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасағы бірлесіп жүргізді.

Шараны Алматы қаласының прокуратурасы үйлестірді.

– 1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Шыға саласымен олар нәрестені 2 млн теңгеге бағалап, сатпақ болған. Айта кету керек, ерлі-зайыпты бала дүниеге келмей тұрып, «әлеуетті ата-ананы» алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

«Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады»,-делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған