Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда Есентай өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары басталды

Биылғы жылдың сәуір айында Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Есентай өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары басталды. Биыл аталған учаске «Қазселденқорғау» ММ экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қарауына берілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Соңғы рет өзен арнасын кешенді тазарту және жағалауды жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Соның салдарынан төселген қима тас әбден ескірген. Бұрыңғы жылдары өзен арнасын тазарту жұмыстары судың өтуін қамтамасыз ету үшін кезеңмен жүргізілді. Өзен арнасын зерттеу кезінде биіктігі 1,5 м-ге дейін лай мен қоқыстың едәуір жиналғаны байқалды. Арнаны бұлардан тазарту үшін ауыр арнайы техниканы тарту қажет болды.

Бұл учаскеде өзен арнасына мамандандырылған техниканың жүруі технологиялық жағынан қарастырылмаған: кірме жолдар жоқ немесе апатты жағдайда болған. Бүгінде жұмыстарға 2 шағын жүк тиегіш, экскаватор және ауыр техника жұмылдырылған. Есептік деректерге сәйкес Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі тұнба мен құмның көлемі шамамен 3,5 мың текше метрді құрайды.

Айта кетерлігі, кірме жолдарда ауыр техниканың салдарынан болған залал мердігер ұйымның күші қайта қалпына келтіріледі. Тротуарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан Рысқұловқа дейінгі арнасын күрделі жөндеудің жобасын әзірлеуде. Жобада түрлі іс-шараларда арнаулы техниканы пайдаланудың технологиялық сызбалары қарастырылатын болады. Жоба аясында қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өзен жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, серуендеу аймағы ұйымдастырылады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған