Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда ескі ғимараттар қайта жаңғырады

Алмыда бұрынғы теміржол ауруханасының орнына «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады. Ғимараттың жөндеу жұмыстары IV тоқсаннан басталады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Қаламыздың медициналық инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында түрлі жобаларды қолға алдық. Қала тұрғындарының сұранысы бойынша әкімдік IV тоқсаннан бастап ғимаратты қайта жаңартуды бастайды, 2024 жылы «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады. Жаңа жабдықтармен жабдықталған орталық тұрғындардың кәдесіне жарайды деген сенімдемін, – деді қала әкімі.

Бұдан бөлек қала әкімдігі Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі ескі ғимаратты бұзу арқылы ревматологиялық орталықтың орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жобасы әзірленетін хабарлады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған