Алматының орталығында бургер сататын дүңгіршек өртеніп кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оқиға 30 мамыр күні Сейфуллин даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болды. Өрт Gippo фаст-фуд желісінің бірінде болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар кейін әлеуметтік желілерде пайда болды.
Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмалы ауданына қарасты аумақта өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.
От шарпыған аумақ — шамамен 15 шаршы метр. Жалынның таралуы 09:14-те оқшауландырылып, 10.30-да толығымен ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жерде 11 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деді ТЖД баспасөз қызметі.