Алматы қаласы Наурызбай аудандық полициясында фитнес тренерді өлтіру фактісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен тіркелген.
«Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған.