Вторник, 26 ноября, 2024

Алматыда Газель отқа оранды

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«31 қаңтар сағат 12:45-те Бостандық ауданының өрт сөндірушілері Володарский көшесі, 33-үй маңындағы өрт туралы тұрғындардан хабарлама алды. Бригада 12:54-те ккліп, Газель маркалы көліктің жанып жатқанын анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 6 минутта сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД.

Бұл ретте департамен оқыс оқиғалардың куәгерлеріне үндеу жасады.

«Егер осындай жағдайдың куәгері болсаңыз уақыт жоғалтпай кезекші бөлімге, яғни 101 нөміріне хабарлау керек. Сондай-ақ камераға түсірер алдында қауіпсіз қашықтықта тұру қажет. Оқиға орнына жақындау өте қауіпті», – деп хабарлады ведомствода.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған