Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті

Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті. Осылайша қала айтулы датаны атап өтті.
Еліміздің ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша негізгі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, 7 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мұнда білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылған.

8 желтоқсанда Satbaev University ғимаратында тәуелсіз «сompliance-офицера» қызметі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджментті насихаттау бойынша семинар ұйымдастырды.

Осындай кездесулер «Нархоз» университетінде, С.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ-де, Абай атындағы ҚазҰПУ өтті.

Атаулы датаның ең жарқын оқиғасы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты» атты халықаралық дөңгелек үстел, оның барысында АҚШ, Франция, Грузия және басқа да бірқатар елдердің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараларға мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде шетелдік сарапшылар, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен қоғам қайраткерлері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл апталығының соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсене атсалысқан қоғам қайраткерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған