Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше апат 28 тамызда 12:20 шамасында болған.
1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.
«Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді», – делінген хабарламада.