Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 3 қаңтар күні сағат 10:13 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.
«Өрт сөндіру бригадасы 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады. Қабылданған шаралармен өрттің таралуы 10:44-те тоқтатылып, 10:59-да жойылды. Жалынның 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды.
«Газ-түтіннен қорғау қызметінің топтары 75 тұрғынды, оның ішінде 25 баланы қауіпсіз орынға эвакуациялады. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды.