Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда марафон кезінде ер адам қайтыс болды

Алматы облысында өткен «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы іс-шара барысында кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 9 мамырда Іле өзені аңғарында болған.

Желі қолданушылары ер адамның спортқа жаңадан келмегенін және үнемі ұзақ қашықтыққа жүгіргенін жазып жатыр. Мәреге бір-екі метр қалғанда ол кенеттен өзін нашар сезініп, құлап қалған. Спортшыны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Алматы облысының әкімдігі марафоншының өліміне қатысты пікір білдірді.

«Tengri Ultra 2023» марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған соң мәре сызығына бірнеше метр қалғанда құлап қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы бірден тиісті шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке орай, ер адам қайтыс болып кетті.

Желіде тараған «жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігі тәулік бойы кезекшілік жасап жүрді», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында ер адам мен оның 5 пен 15 жас аралығындағы төрт баласы белгісіз заттан уланып қайтыс болғаны хабарланған болатын. Мамандар өлімнің газдың шығуынан емес, тамақтан уланудан болғанын айтты.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған