Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда «Медеу» мұз айдынының 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді

Алматыда 25 желтоқсан «Медеу» мұз айдынының 50 жылдығына орай кешен аумағында салтанатты мереке өтеді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Алматылықтар мен қала қонақтары мәнерлеп сырғанаудан танымал спорт жұлдыздары Роман Костомаров, Евгения Медведева, Татьяна Тотьмянина, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин және Морис Квителашвилидің қатысуымен болатын шоуды тамашалай алады.

Мұз айдыны аумағында бірқатар көңіл көтеретін интерактивті алаңдар ұйымдастырылады.

Мереке спортшылары мен жаттықтырушылардың шеруімен ашылады. Салтанатты шарада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді.

Мереке аясында Анастасия Игнатьеваның дирижерлік етуімен аты аңызға айналған «Мұзды симфония» балеті мен Илья Овербухтың «Жүрек те жанып тұр» гала-шоуы өтеді.

Сондай-ақ, қонақтар қазақтың тұңғыш мұз шоуы «Olumpic Show» қойылымын тамашалай алады.

50 жылдық мерейтой мерекелік отшашумен аяқталады.

Мерекелік бағдарлама сағат 15:00-де басталады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған