Алматы қаласының Орталық мешітінде дін қызметкерлерін республикалық аттестаттау басталды. Қаладағы 54 мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар қауымы сараптау комиссиясының сынынан өтіп, өз білімі мен біліктілігін тексереді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды.
«Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар мен басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайды», – деп жазылған ҚМДБ сайтында.