Алматыда бір түнде тұрғындардың тыныштығын бұзған 18 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Шара қолдану үшін олар полицияға жеткізілген. Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, Арбат маңында, әсіресе, түнгі уақытта тыныштықты бұзу дерегі бойынша шағымдар көбейген.
Сол себепті аумақта жаяу патруль мен автокөлік патрульдері күшейтілді.
Жалпы 5 күн ішінде Арбатта тәртіп бұзған 63 мопед жүргізушісі полиция басқармасына жеткізілген.
Ал жыл басынан бері мегаполисте жол ережесін бұзған 5 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылған.