Алматыда келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25% — ға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 млрд теңге қарастырылған. Бұл турлы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихаттың отырысында айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Келесі жылы педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. Келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25% — ға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 млрд теңге қарастырылған. Егер 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 320 мың теңгеге дейін артады», — деді ол.
Бұдан басқа, келесі жылы кітапханашылардың, Техникалық персоналдың және білім беру саласының басқа да қызметкерлерінің жалақысын 22% — ға арттыру көзделген. Оған 9 млрд теңге бөлінеді.
Ол сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысы 30% – ға, орта медициналық персонал 20% — ға, кіші медициналық персонал 18% — ға ұлғайғаятынын алға тартты. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 350 мың теңгені, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 205 мың теңгені құрайды.