20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауының ашылу салтанаты өтеді. Бұл байқауда 19 үміткер өз бағын сынамақ, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Байқаудың басты мақсаты – талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Байқау екі кезеңнен тұрады. «Үміткерлер «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды», делінген байқауды ұйымдастырушылар хабарламасында.
Аталған музыкалық байқаудың жүлде қоры – 5 млн теңге.
Конкурс номинациялары бойынша Гран-при, 1, 2, 3-орындар, дипломдар, сондай-ақ «Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» жеке диплом табыс етіледі. Барлық жүлдегерлер 250 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін көлемде ақшалай сыйлық алады.
Конкурс нәтижесі 22 қыркүйекте белгілі болады. Жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.