Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, жасырын орыннан «Калашников» автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ARDA-Aqparat
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі