Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру құны 80 теңгеден 100 теңгеге өспек. Ал қолма-қол төлейтіндер енді 150 емес 200 теңге төлйтін болады. Қала басшысы жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл ұсыныстар Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасында жоспарланып отыр. Мұнда енді жолаушылар жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз 100 теңгеден төлейді .
Ал қолма-қол ақшамен төлем құны 200 теңге болмақ.(қазіргі таңда 150 теңге).
Бұған дейін қала басшысы Ерболат Досаев Алматыда жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынған болатын. Оның сөзінше, қалада жолақы 12 жылдан бері өзгермеген.
Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 21 шілдеге дейін.