Вторник, 26 ноября, 2024

Алматыда қуыршақ театрларының «Ортеке» халықаралық фестивалі өтті

21 — 22 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Апта бойы өткен өнер мерекесіне Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан, Қырғызстанның және еліміздің қуыршақ театрлары қатысып, балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын ұсынды. Фестиваль аясында конкурстық және конкурстан тыс спектакльдердің көрсетілімдері Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында, Мемлекеттік қуыршақ театрында және Тотальный театры сахналарында өтті.

Фестивальдің конкурстық қойылымдарын құрамында Қазақстан, Корея, Грузия және Түркияның жетекші театр қайраткерлері бар халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша Иакоб Гогебашвили атындағы Кутаиси мемлекеттік кәсіби қуыршақ театры Г.Х. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» қойылымы үшінмарапатталады.

«Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Е. Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» қойылымы үшінмарапатталады

«Ең үздік қуыршақ жүргізуші» номинациясы бойынша FFWANG театрының актеры Кван Со Ёнг «Хонг Доджи мен Исими» қойылымы үшін марапатталады.

«Ең үздік сценография» номинациясы бойынша Тотальный театрының суретшісі Юлия Чернова Г.Х. Андерсеннің «Дюймовочка» қойылымы үшінмарапатталады

«Ең үздік қуыршақ суретшісі» номинациясы бойынша «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының суретшісі Асия Курманалина «Ақ кеме» (Ш. Айтматов) қойылымы үшінмарапатталады.

Сондай-ақ фестивальге қатысқан 14 театр мен 9 жеке тұлға Алғыс хатпен марапатталды.

Барлық номинация жеңімпаздары үлкен ақшалай сыйлыққа ие болды. Бас жүлде 1 300 000 теңге болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған