Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы наурыз айына дейін сынақ түрінде өзгертіледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Хабарламаға сәйкес, көлік ағынындағы өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.
«2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, соның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды», — делінген хабарламада.