Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда сауда үйлерінде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды

Алматы полициясы ұрлық жасаумен айналысып жүрген әйелді ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Күдікке ілінген келіншек Алматы облысынан қалаға келіп ұрлық жасап жүрген. Қазір Д. есімді азаматшаға екі қалта ұрлығын жасады деген айып тағылып отыр. Әйел сауда орталықтарын жағалап жүрген.

«Әйел адам сауда үйінің бірінде келушінің қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған