26, 25, 28 жастағы азаматтар қаруларын әлеуметтік желіде көрсеткен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мұндай өрескел және жол беруге болмайтын әрекеттерге алғаш болып ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әрекет етті. Күдіктілер ұсталды. Ұсталғандардың жеке басы қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы бойынша полиция жазбаларына сәйкес тексерілетін болады. Сонымен қатар олармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.