Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және тағы басқа да көптеген іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді.
15 желтоқсан — Ғалымдар үйінде қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.
16 желтоқсан — Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады.
17 желтоқсан — 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.