Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі өтті

Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығы атап өтіліп жатыр.

Алматыдағы салтанатты шараға әкімдік, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, қоғам, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары, ардагерлер, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылар бар барлығы 200-ге жуық адам жиналды.

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрмелі оркестрі және сарбаздарының Қазақстан Республикасы Гимн орындауымен аяқталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған