Алматыда Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап кетіп, ақша талап етті. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ведомство мәліметінше, 32 жастағы М.есімді Тәжікстан азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға оның жерлесі арыз жазды.
Ер адамның айтуынша, азамат М. 13 тамызда досымен кездесуге кетіп, қайтып оралмаған.
Жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адамды ұрлау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. М.-нің ұрланғанын, оны қай жерде күшпен ұстап отырғанын анықтадық. Белгілі болғанындай, Алматының Медеу ауданында пәтер жалға алынған.Полиция арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шара жүргізілді. 20 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету үшін отандасын ұрлап кеткен Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды. Олар оны ұрып-соғып, бүкіл процесті видеоға түсірген, – дейді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.