Алматыда тегін мұз айдындары ашылды, — деп хабарлайды Arda-ақпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылған:
- Тұңғыш Президент саябағының алдында;
- Республика Сарайының алдында;
- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл шағынауданында;
- Шұғыла шағынауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.
Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.
«Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады», — делінген хабарламада.