Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.
«Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді. Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды», — делінген агенттік хабарламасында.
Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқықбұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Тегтер: Алматы Сот шешімі құмар ойын TikTok