Алматыда «Alma City» тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып, ойын алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Alma City» шағын ауданында болды.
«Daewoo» маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.