Вторник, 26 ноября, 2024

Алматыда ұрланған көліктердің нөмірін өзгертіп отырғандар ұсталды

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көлік құралын қасақана жалған сәйкестендіру нөмірімен сату дерегі бойынша полиция қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«ҚР ҚК-нің 386-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 1984 жылы туған С.есімді азамат және 2001 жылғы К.есімді азамат ұсталды. Күдіктілер жұмыс істеген гаражда жиынтық деректерін ауыстыру үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды.

Күдіктілер – бұрын сотталған. Олар жиынтық деректерін өзгертумен айналысқанын мойындады.  Сондай-ақ, гаражды тексеру кезінде пайдаланылған/пайдаланбаған металдар, автокөліктерден алынған қағаз белгілер, бірнеше мемлекеттік нөмірлер, жазулары бар блокноттар, ноутбук, мониторлар мен процессорлар табылды. Олар заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қоса тіркелді», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған