Алматыда қайғылы оқиға жағдай болды. 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше асылып өлді. Бұл ақпарат 2023 жылғы 20 шілдеде әлеуметтік желіде тарады. Қазір мегаполис полицейлері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мұны Немолчи.кз қорына әйелдің көршісі Жібек Аменова мәлімдеген.
Оқиға Алматы қаласы Мамыр-4 шағын ауданында болған. Келіншек балаларының көзінше үйде асылып қалған.
Туыстары мен көршілерінің айтуынша, әйел жиі күйеуінің соққысына жығылған. Оны мұндай қорқынышты әрекетке тұрмыстық зорлық-зомбылық итермелеген болуы мүмкін дейді олар.
“Келіншек – Қырғызстанның тумасы. Алматыда ешқандай танысы жоқ. Есімі – Айпері”, – деді Дина Таңсәрі.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме беріп, тергеу шаралары жүріп жатқанын түсіндірді.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек ҚК-нің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылғы Б. азаматтың не себепті мерт болғанын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізуде.
Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды”, – деді ПД.