Алматыда жалға пәтер беретін әйелдердің төбелесі видеоға түсіп қалды. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі krispi_kazakhstan-парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«23.10.22, таңғы 6-лар шамасы. Абылай хан — Райымбек. Мас әйелдер шабуыл жасады, жергілікті тұрғындар мұндай төбелес жиі болатынын жазып жатыр», — делінген видео сипаттамасында.
Таяқ жеген әйел полицияға жүгінген. «Алмалы аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, Т. есімді әйелдің арызы тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Одан әрі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша іс жүргізу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі», — деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері.