Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.