Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Скейт- парктер ұйымдастырылды, жастар үшін 2 жаңа алаң ашылды. Сондай-ақ, стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары заманауи құрылғылармен жабдықталды. Биылғы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысын аяқтау және Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жоспарлануда», – деді шаһар басшысы.