Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митингіге рұқсат берді. Бұл туралы «KARE-Забота» жануарларды қорғау қорында мәлім етті, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, 14 мамырда «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзарда бейбіт жиын өтеді.
«Митингі өткізуге рұқсат беріліп, қалалық әкімдікпен келісілген. Бейбіт жиынның мақсаты — мына мәселелер бойынша қоғамдық пікір білдіру.
-
жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
-
«Аулау-Зарарсыздандыру-Вакцинация-Қайтару» бағдарламасын орындамау;
-
жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, атап айтқанда: үй жануарларын жауапкершіліксіз ұстау және өсіру;
-
НҚА бойынша ресми жұмыс;
-
жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың дұрыс орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлардың жұмысына кедергі келтіру;
-
жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне Ішкі істер министрлігі тарапынан тиіс жауаптың болмауы;
-
жануарлардың қабуына байланысты сенімсіз деректер; білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар», — деді ұйымдастырушылар.
Митингіге үй жануарларыңызбен келе аласыз, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттердің тұмылдырығы болуы керек.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл митингіге жергілікті билік келісімі мен рұқсаты берілгенін растады.