Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда жер сілкінісін болжайтын спутник әзірленеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары жер сілкінісінің прекурсорлары туралы ақпаратты тарататын спутник жасап жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Наноспутник ионосферада жұмыс істейді. Онда құрылғы жер сілкінісінің прекурсорлары туралы ақпаратты жинай бастайды, олар жерге таралады.

«Ең қызық миссия ионосфераны зерттеу болайын деп тұр. Атап айтқанда ионосфераны, онда болып жатқан кейбір құбылыстарды бақылау. Себебі олар — жер сілкінісінің хабаршысы. Ғалымдар жер сілкінісі болғанға дейін, бір-екі күн бұрын ионосферадағы зарядталған бөлшектер қатты өзгеретінін дәлелдеген. Бұл ионосферадағы өзгерістер мен жер сілкінісі арасындағы корреляция туралы мағлұмат береді».
Инжиниринг және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбай

Құрылғыны іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Наноспутник университет ғалымдары жасаған үшінші құрылғы болмақ. Бұған дейін Түркістанның үстінен ауаның ластануын өлшейтін екі спутник ұшырылған еді. Екі құрылғы да қалыпты жұмыс істеп тұр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған