Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайтын болады, яғни баға 20 теңгеге қымбаттайды. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.