Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда жол ережесіне бағынбай, адам өліміне себепкер болған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

2022 жылғы 8 қарашада Алматыдағы Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің қиылысында адам өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қайғылы жағдай барысында №98 және №201 автобустары соқтығысып, салдарынан 20-дан астам адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды.

Сот сотталушы А. Абылай хан көшесі бойымен оңтүстік бағытта № 98 автобусты басқара отырып, Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан №201 автобуспен соқтығысуға жол бергенін анықтады.

Алматы қалалық сотының мәліметтеріне сүйенсек, Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушы А-ға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сотталушы А. сотта кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды сұрады. Сот қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотталушы А-ны кінәлі деп таныды және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру үшін қосымша жазаны тағайындады», — делінген хабарламада.

Сотталушы А-ның жазасын жеңілдететін жағдай оның асырауында 3 жас баланың болуы болып табылады, ауырлататын мән-жайлар есептелмеген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған