Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», — деді ҚТЖ өкілдері.