Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда жолдар мен метро құрылысына 50 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады

Алматыда 2023 жылы жолдар мен метро салу жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Келесі жылы метрополитен желісін батыс бағытқа қарай салу жалғасады, оған 12,1 млрд теңге бөлу көзделген. Бұл 2024 жылы қаланың батыс бөлігіндегі 50 мыңнан астам тұрғын үшін қосымша көлік байланысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Төле би көшесін ұзартуға жалпы 11,7 млрд теңге бөлінді. Жұбанов көшесі де ұзартылады. Қазір құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр»,- деді Ерболат Досаев мәслихат сессиясында.
Бұдан басқа, 2 көлік жолайрығын аяқтау жоспарда. Атап айтар болсақ, Бұқтырма – Құлжа күре жолы, Саин – Мөңке би көшелері. Бұл жұмыстарға бюджеттен 6,2 млрд теңге қарастырылды.
«Келесі жылы жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылып отыр. 200 км жолға орташа жөндеу жүргізіледі, 30 км тротуар мен 80 аялдама алаңы салынады. Ол үшін 20,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, келесі жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 89% жетеді», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған