Алматы қаласында протезбен жүгіруден паралимпиадалық команда құрылды. Спортшыларға «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 113,4 млн теңгені құрайтын 10 протез тарту етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Спортшылар алдағы уақытта әлемдік жарыстарда бой көрсетіп, еліміздің атын әлемге танытуды көздеп отыр.
Паралимпиада ойындары елімізде қарқынды дамуда. Дегенмен әлі күнге шешілмеген мәселелер жетерлік. Сол себептен спортшыларымыз әлемдік жарыстарға қатыстыру мақсатында дайындық жүргізілуде. Осы ретте «Қазақстан халқына» қорына алғыс білдіреміз. Себебі 10 протез өте қымбат, әрі сапалы. Егер жүгіруге қызығушылық танытып, жарыстарға үнемі қатысатын жандар болса, протез беріледі. Аталған протездерді тек командадағы спортшылар ғана пайдалана алады. Командамыз үздіктерден құрылғандықтан, артар сеніміміз мол. Алматы қаласында ұйыдастырылатын паралимпиада ойындарына алыс-жақын шетелден пара спортшылар қатысады. Біздің де командамызда осы жарыста бой көрсетуді жоспарлап отыр, – дейді «ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті» бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.
Спортшылардың ұтымды дайындығы үшін паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Генрих Поповтың жетекшілігімен протезбен жүгіруден арнайы ашық сабақ өтті.
Мен қысқы Паралимпиада ойындарына шаңғы спортымен қатысатын едім. Осы жолы жүгіру командасына қосылдым, өзімді осы спорт түрінен сынап көргім келді. Менің ойымша, протезбен жүгіру өте қиын. Біраз дайындықты қажет етеді. Бүгін бізге Паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Генрих Попов келді. Өзінің бар білгендерін бізге үйретіп, ақыл-кеңестерін айтты. Тіпті, дұрыс жаттығу мен жүгіру жолдарын көрсетіп жатыр, – дейді пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем чемпионы Ербол Хамитов.