Среда, 27 ноября, 2024

Алматыдағы Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылады

Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 шақырым жол және Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 шақырым тротуар салынды, 23 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Биыл 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандары бойынша 20 көшеде 16,4 шақырым жол салынып, 21 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.

«Жылдың соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуы тиіс», — деді қала әкімі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған