Среда, 27 ноября, 2024

Алматыдағы автотұрақтар қала меншігіне өтті

Алматыда автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды. Тиісінше, тұрақ жанындағы тақтайшалар ауыстырылып жатыр. Алматыда бірыңғай оператор — «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Жаңа ақпараттық тақталарда жаңа оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі. Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында іске қосылып, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланады. Бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А — parking» компаниясы төлем қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына беріледі.
ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған